03 там, 2017 сағат 08:56

Кей зымияндар Қазақстанда тарих жоқ деп жүрген жоқ па?!

Күні кеше ғана елімізде кезекті "Алтын адам" табылды. Шынымен тарихи оқиға. Қазақстан тұрмақ, әлем БАҚ-тары жарыса жазуға тиіс тарихи ашылу еді. Өкінішке орай, олай болмады.

Кінә өзгеде емес, өзімізде. Билік елімізді таныту үшін барын салып жатыр. Саммиттер, жарыстар мен көрмелер, түрлі басқосулар. Бірақ әлем жұртшылығын мұндай оқиғалар емес, тарихи таным мен тылсым қызықтыратынын ұмытпайық. Қазақстан көне өркениеттер өлкесі. Осы уақытқа дейін "Алтын адам", "Алтын ханшайым", көне обалар мен тұтастай көмілген тұлпарлар табылды. Міне, кезекті жаңалық. Осыны әлем жұртшылығы білсе, тарихқа қызығатындар елімізге келер ма еді.

Мысалы, Моңғолияға динозавр сүйегін іздеушілер Латын Америкасынан да келіп жатады. Ал Мысырға күллі әлемнен. Сол Мысырда табылған перғауындардан, бізде табылған алтын сауытты патшалар артық болмаса, кем емес. Бірақ әлем халқы бізге оны көруге келмейді. Өйткені білмейді. Дұрыс насихат жоқ. Кешегі жаңалықты да жарғақ құлағы жастыққа тимей жарнамалап жатқаны шамалы. Тіпті өз халқымыз да құлағдар емес. Тарихымыздың бай екенін көрсетпегеннен кейін, кей зымияндар Қазақстанда тарих жоқ деп жүрген жоқ па?! Қысқасы туристерді тартам десең, тарихыңды жаһанға таныт. Онымен кім айналысуға тиіс? Еххх...

Асхат Қасенғалидің фейсбуктегі жазбасынан