#
#
Жұма 18/10/2019

Кеңес Рақышев жаңа қызметке тағайындалды

  • 09.10.2019
  • 0
  • 137

Белгілі қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ұлттық олимпиада комитетінің президенті ретінде бокстың дамуына үлесімді қоса беремін. Алда қойған міндеттерді орындап келеміз. Алдағы уақытта да солай боларына сенемін. Өз орныма Кеңес Рақышевты ұсынамын», - деді Тимур Құлыбаев бүгін елордада өткен Қазақстан бокс федерациясының отырысында.

Федерация мүшелерінің барлығы бірауыздан Кеңес Рақышевтың Қазақстан бокс федерациясы басшылығына келуіне дауыс берді.

Отырыс барысында 2009 жылдан бері Қазақстан бокс федерациясын басқарып келе жатқан Тимур Құлыбаевқа «Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті» атағы берілді.

Еске сала кетсек, бокс федерациясының бүгінгі отырысында Қазақстан бокс федерацияның президенті Тимур Құлыбаев қызметінен кететінін мәлімдеген болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар