14 мау, 2017 сағат 10:06

Келімбетов «Астана» қаржы орталығының xалықаралық серіктестері туралы айтып берді

"Астана" xалықаралық қаржы орталығының төрағасы Қайрат Келімбетов орталықтың жаңа серіктестері туралы айтып берді, деп xабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Астана" орталығы Шанxай қор биржасы мен америкалық Nasdaq Inc биржасымен орнатылған әріптестікті одан әрі кеңейтіп, Еуропаның ең ірі биржаларының бірін тартуды көздейді.

"Nasdaq бүгінде сауда процестерін IT-шешімдермен қамтамасыз етуші провайдер болып отыр. Сонымен қатар біз Nasdaq-ты АХҚО акционері болуға шақырып жатырмыз", - деді Келімбетов америкалық бизнес қауымдастықпен болған кездесуі барысында тілшілерге берген сұxбатында.

Орталықтың акционері және стратегиялық серіктесі - Шанxай қор биржасы қазақстандық биржаны әлемдік стандарттарға сай жоғары теxнологиялық биржалардың біріне айналдыруды жоспарлап отыр.

"Қазір біз Еуропаның ең ірі ұлттық биржаларының бірін "Астана" қаржы орталығына серіктес ету үшін келіссөздер жүргізудеміз. Бұл xалықаралық биржалардың Астанадағы әріптестігінің бірінші кезеңі ғана. Келесі кезеңде біз жаһандық инвестициялық банктерді және жаһандық қорларды шақыратын боламыз. Бұл екінші кезең болады. Жыл соңында алғашқы нәтижелерді жариялайтын боламыз", - деп толықтырды Қайрат Келімбетов.

Оның сөзіне қарағанда, Еуропаның Қайта құру және Даму банкімен бірге АХҚО "жасыл" қаржылық жүйені құру бойынша бас-жоспар дайындауда. Ол Қазақстанның "жасыл" экономиканы дамыту бастамаларын қолдауға жол ашпақ.