#
#
Cәрсенбі 24/07/2019

Келесі жылы халық санағы электронды түрде өтеді – Руслан Даленов

  • 19.06.2019
  • 0
  • 426

Халық санағына пайдаланылатын планшеттер мектептерге беріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Халық санағы келесі жылы болады. Жалпы сомасы 9 млрд теңге шығындау жоспарлануда. Егер бұған дейінгі, 10 жыл бұрынғы халық санағымен салыстырар болсақ, шығыстар сомасы біршама төмен. Негізгі сомасы ақпараттық жүйеге және құрал-жабықтар мен санақты өткізу үшін қажетті планшеттер сатып алуға жұмсалады. Қағаз сатып алынбайды. Сатып алынса да, тым аз, бланктің өзі электронды болады. Құрал-жабықтар да, ақпараттық жүйе де қалады», - деді ол.

Осы ретте министр санақ жүргізуге алынатын планшеттер кімдерге берілетінін айтты.

«Планшеттер комитет (Статистика комитеті) жұмысына пайдалану үшін беріледі. Сонымен қатар олардың басым бөлігі, Білім және ғылым министрлігі жүйесіне, яғни мектептерге беріледі. Сондықтан санақ жүргізуге сатып алынатын құрал-жабдықтар одан ары да кәдеге жарайды. Толықтай алғанда санақтың басты ерекшелігі оның электронды түрде өтуі болмақ. Электронды түрде бірден өңделіп, мәліметтер тексеріледі. Содан кейін бірден санақтың алдын ала нәтижесімен таныса алатын боламыз», - деді Руслан Дәленов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар