07 там, 2018 сағат 19:11

«Қазпоштаның» маңызды бағыттарының бірі - электронды сауданы дамыту

Елімізде электронды сауданы дамытудың негізгі бағыттарын «Қазпочта» АҚ орындайды. Бұл жөнінде «Қазпошта» АҚ электронды сауда департаментінің директоры Мұстафин Сұлтан айтып өтті.

«Қазпоштада» электронды коммерцияға тікелей бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі, жөнелтімдерді жеткізудің қолжетімді болуы үшін Қазақстанның барлық аймақтарында поштаматтар мен супермаркеттер іске қосылған. Ел аймақтарында барлығы 151 поштамат және 178 жөнелтімдер супермаркеттері жұмыс жасайды.

«Бүгінгі таңда «Қазпочта» АҚ-ның ауқымы кең және біз өзіміздің кеңселерімізді, жеткізу нүктелерімізді одан әрі ұлғайтуды жалғастырамыз, бұл дегеніміз онлайн-сатып алушыларға көп пайдасын тигізбек олар өз таурларын кез келген уақытта және тез арада алуына мүмкіндік жасайды», – деп мәлімдеді С. Мұстафин.

Сонымен қатар, «Қазпошта» АҚ электронды сауда департаментінің директорының сөзінше онлайн тапсырыс беріс, сауда жасаушылардың қатары жастардан құралады.

«Қазпошта» АҚ әр сағат сайын 10 мыңнан астам посылка қабылдайды және жібереді. Онлайн-сатып алатындан жасайтын адамдардың көпшілігі жастар. Электронды сауданы дамытушы, тапсырыс беруші қалалар есебіне Алматы қаласы бірінші орынды құрайды, бұл пайыздық көрсеткішпен 70%-ды құрайды», – деді ол.  

2016 жылы Қазақстанға жеткізілген посылкалардың саны 15,3 млн бірлікті құраса, оның ішінде супермаркеттер арқылы – 553 мың, 2017 жылы - 21,9 млн , супермаркеттер арқылы – 1,8 млн, ал 2018 жылы бес айда - 11,6 млн, супермаркеттер арқылы - 2 млн-ға жетті. Поштаматтар арқылы, 2017 жылы 500 мың посылка жеткізілсе, ағымдағы жылдың басынан бастап бұл көрсеткіш 306 мыңды құрап отыр.

Сондай-ақ, С. Мұстафиннің «Қазпошта» АҚ-ның маңызды бағыттарының бірі компанияда ірі аймақтарға посылкалар EMS Kazpost жеткізу қызметі арқылы тәулік сайын жеткізілетінін атап өтті.

2018 жылдың алғашқы 5 айында Қазақстанда электронды коммерция нарығының көлемі 101 млрд теңгені құрады. «Қазпочта» АҚ болжамына сәйкес, жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 302 млрд. теңгеге дейін өседі және бөлшек сауданың 2,9%-ын құрайды.

Естеріңізге сала кетелік, бүгінгі таңда «Adrome Automation» ЖШС-мен бірлесіп, мерзімді басылымдарды аудандық пошта орталықтарынан алыс қашықтықтағы пошта посттарына жеткізу мақсатында Қазақстанның 4 облысының 9 ауданында 30 маршруттан дрондарды ұшырып тәжірибеден өткізген, нәтижесі көңіл толтырарлық.