16 нау, 2020 сағат 13:57

«ҚазМұнайГаздың» екі қызметкері коронавирус жұқтырды деген күдікпен тексерілді

«ҚазМұнайГаз» ҰК орталық аппаратының 2 қызметкері коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен тексерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Компанияның екі қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін деген күдікпен тексерілді. Қызметкерлердің біреуі Франкфур-Нұр-Сұлтан рейсінде коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқаспен бірге ұшып келген. Ал екінші қызметкер Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы қаласына дейін осы ұшақпен ұшып барған болатын. Қызметкерлер алгоритмге сәйкес COVID-19 бар-жоқтығын анықтайтын тест тапсырды. Нәтижесінде олардың вирус жұқтырмағаны анықталды», - делінген хабарламада.