#
#
Бейсенбі 21/11/2019

«ҚазМұнайГаз» еншілес ұйымының басшысы пара алды деп айыпталып отыр

  • 22.10.2019
  • 0
  • 141

Маңғыстауда «KMG EP-Catering» ЖШС бас директоры пара алды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«KMG EP-Catering» ЖШС - Маңғыстау облысының аумағында орналасқан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес ұйымдарын тамақтандыратын «ҚазМұнайГаздың» 100% еншілес ұйымы.

Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «KMG EP-Catering» ЖШС бас директоры мен аталған серіктестіктің сатып алу бөлімінің бастығына қатысты «сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады» деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Олар азық-түлік алу және жеткізу мәселесінде оң шешім танытқаны және алдағы жасайтын қамқорлығы үшін жеке кәсіпкерден 3 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр.

Күдіктілер мен олардың қорғаушыларының кінәсін мойындауына және келу туралы міндеттемесі жазылған өтініштің келіп түсуіне байланысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылған жоқ.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар