18 қаз, 2017 сағат 10:06

«ҚазМұнайГаз» барлық өңірде АИ-92 бензинін еш шектеусіз сатып жатыр

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензинін барлық өңірде еркін түрде сатып жатыр. Бұл туралы аталған компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Астана, Ақтау Атырау, Аякөз, Балқаш, Қызылорда, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкентте АИ-92 маркалы бензині толығымен еркін режимде сатылып жатыр.

«ҚазМұнайГаз» бөлшек сауда желісі штатты режимде жұмыс істеуде. Жанармай қоры жеткілікті, қазақстандық зауыттардан, сондай-ақ импорттық отынның жаңа партиялары тәулік сайын келіп түсуде.

Бензинді 20 литрге дейін сатып алуға болатын өңірлерде жағдай жанармайдың жеткілікті көлемінің келіп түсуіне қарай реттелуде.

«ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісіне бүкіл Қазақстан бойынша 342 жанармай құю станциясы енеді және бөлшек сауда арқылы өткізуде мұнай өнімдері нарығының 15%-ын иеленеді.