20 қар, 2018 сағат 09:37

"ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

Алик Айдарбаев "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Алик Серікұлы Айдарбаев 1963 жылы 19 мамырда Алматы облысында дүниеге келген. В.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген.

Алик Айдарбаев техника ғылымдарының кандидаты, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің құрметті профессоры. Мәскеудегі РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясының MBA дәрежесіне ие.

Әртүрлі жылдары «Оңтүстікқазмұнайгаз» МАҚ, «Құмкөл-ЛУКОЙЛ» (кейін компанияның атауы «Торғай Петролеум» ЖАҚ деп өзгертілді), «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы қызметтерді атқарды.

2011 мен 2013 жылдар аралығында дейін – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры. Маңғыстау облысының әкімі болды (2013-2017 жылдар), 2017 жылдан 2018 жылға дейін ҚР инвестициялар және даму жөніндегі бірінші вице-министрі қызметін атқарған.

2018 жылдың 15-ші қаңтарынан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.