12 мам, 2017 сағат 16:35

«Қазконтент» басқармасына жаңа төраға тағайындалды

«Қазконтент» басқармасының төрағасы болып Евгений Кочетов тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кочетов Евгений Дмитриевич 1988 жылдың 22 сәуірінде дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін қаржы, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде экономика магистрін тәмамдаған. «Қазконтент» АҚ «Kaztube» порталының басшысы, «Informburo», «Vlast» порталдарында экономикалық сарапшы, «Kazakhstan real estate group» басқарушы директоры, «Цесна» корпорациясы» АҚ бөлімше басшысы қызметін атқарған.

«Қазконтент» АҚ – Қазақстандағы интернет және медиасаласындағы аса ірі компания. 2009 жылы құрылған. 

Кочетов Евгений бұған дейін «Орталық коммуникациялар қызметінде» жұмыс істеген болатын.