23 ақп, 2021 сағат 16:32

«Қазгидромет»: Тағы үш жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

«Қазгидромет» РМК тағы үш жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелгенін жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қостанай облысында 2021. 02. 23 күні сағат 19:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Қостанай қаласы айналма жолы» автожолының 0-21 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. 

Ақмола облысында 2021. 02. 23 күні сағат 20:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) «Нұр-Сұлтан—Петропавл» автожолының 18-231 шақырымы аралығында, яғни «Нұр-Сұлтан қаласы – Щучинск қаласы» учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді («ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақылы жолдар дирекциясының учаскесі). 

Ақмола облысында 2021. 02. 23 жылы сағат 19:30-да ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, көрудің шектелуі) «Нұр-Сұлтан – Петропавл» а/ж 231-293 км, Щучинск қаласы – Көкшетау қаласы учаскесі автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді (екі бағытқа да).