03 нау, 2021 сағат 09:36

Қазгидромет алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» РМК-сы алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атлант мұхитынан келіп жеткен кезекті антициклон солтүстік-батыс циклонымен батыстан шығысқа қарай қатар жылжи отырып, белсенді фронталды бөліктерді қалыптастырады. Соның салдарынан қар, жауын жауып, елдің оңтүстігі мен шығысында қалың қар түсіп, нөсер жауын жауады. Ауа температурасы құбылмалы болады. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады.