07 там, 2018 сағат 10:24

«ҚазАвтоЖол» жол бойындағы сервистерді іздеуге арналған қосымшаны іске қосты

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қазақстанның республикалық атомобиль жолдарындағы сервистік қызмет көрсету орындарын іздеуге арналған «Kazway» мобильдік қосымшасын іске қосты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" компания баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Kazway мобильдік қосымшасында жол бойындағы 1800 сервис бекеті, атап айтқанда, жанармай бекеттері, мотель, тамақтану, бөлшек сауда орындары, автотұрақтар, эвакуатор, т.б. туралы мәліметтер бар», - делінген хабарламада.

Бұдан тыс, Қазақстан қалаларының ара қашықтығын есептеу функциясы да бар.

Бір айта кетерлігі, пайдаланушы жүретін бағытын енгізіп, «Сервисті табу» пернесіне басса болғаны, жол бойындағы бүкіл сервистік қызмет көрсету орындары қатар түзеп тұра қалады.

Оффлайн режимде жұмыс істейтін қосымша IOS жүйесін қолданатын мобильдік қосымшалар үшін қолжетімді. Қазіргі уақытта Android нұсқасын іске қосу бойынша жұмыстар жүріп жатыр.