28 қаң, 2020 сағат 07:53

Қазавтожол: Ауа райының қолайсыздығына байланысты 5421 шақырым жол жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 44 учаскеде ұзындығы 5421 шақырым жол жабылды, – деп хабарлайды «Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты 44 учаскеде ұзындығы 5421 шақырым жолдың қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдардың 21,7 пайызын құрайды. Жалпы, жол қозғалысы 12 облыста жабық. Оның ішінде ең көп жабылған жол учаскелері – Ақмола мен Қарағанды облыстарына қарасты», - деп хабарлайды «Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.

Жол қоғзалысына шектеу қойылған ең ұзын бөлік – Екатеринбург-Алматы тасжолы. Қазір жолдағы қар күреу жұмыстарына 840 арнайы техника жұмылдырылған.

Айта кетсек, бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі Ақкөлден Нұр-Сұлтанға осы уақытқа дейін жолдың ашылуын күткен 150 көлік келе жатқанын хабарлаған еді.