01 нау, 2019 сағат 11:12

"Қазақтың Мессиі" еуропалық клубқа ауысты

Қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет еуропалық клубқа ауысты. Спортшыны болгариялық "Левски" клубы бір жылға жалға алды.

"19 жастағы шабуылшы 2000 жылы 4 ақпанда дүниеге келген, Қазақстанның ең мықты жас футболшыларының бірі. 2017 жылы "Тараз" құрамында ойнап, кейін ресейлік Премьер-лиганың "Уфа" клубына ауысты", - делінген "Левски" футбол клубының сайтында.

Сейдахмет еуропалық клубқа өтуіне байланысты қысқа ғана пікір білдірген.

"Мұнда көптеген танымал футболшылар бар. Сырттай бәрін білемін. Жаңа командаға қосылғаныма өте қуаныштымын", - деді ол.

Бұған дейін "Уфа" ФК құрамында ойнаған "Қазақтың Мессиі" бапкерлері мен командаға алғыс айтып, клубпен қош айтысқан еді.