06 сәу, 2018 сағат 13:10

Қазақтың ең сұлу арулары қазақ жазушыларының атын білмей, ұятқа қалды (видео)

Белгілі тележүргізуші Алмас Алтай «Өз ойым» ток шоуында «Қазақ аруы – 2018» атағын жеңіп алған Нәбира Рахымжан мен «Қазақстан аруы» Әлфия Ерсайынды әбден сынап алды. Қыздарымыз том-том кітаптағы үзінділерді қоя тұрып,  қазақ жазушыларының атын білмей масқара болды.

Ток шоуға қонаққа келген қыздар алғашқы сұрақтан-ақ жығыла кетті. Олар әйгілі «Қан мен тер» трилогиясының авторын сұрағанда үнсіз қалып, жұртты шошытты. Одан қалса, тағы да мектеп бағдарламасында жастанып оқитын «Ақбілек» романының авторын білмей састы.

Желі қолданушылары сұлулық байқауы тек сырт келбетке қарап сыналмауы керек деп пікір білдірді. Тіпті кейбірі «Бой түземестен бұрын, ой түзеп алыңдар» деп реніштерін білдірді.