26 мам, 2017 сағат 07:31

"Қазақстанның "Зар қабырғасын" орнату қажет"

30-жылдардағы қазақ халқына қасақана жасалған қастандықтың арқасында біздің ұлт өзінің 60-пайыз халқынан айырылды.

Табиғи өсімді есептейтін болсақ, аштан қырылған қандастарымыздың саны 3-4 млн-нан асады. ҰҚК архивтері ашылған шақта шынай цифрлар саналып жатар. Бұл дүниедегі бір халыққа қолдан жасалған ең сұрпайы геноцидтің бірі емес, бірегейі!

Еврей халқы өзіне жасалған зорлық-зомбылықты дүниеге мойындатты. Бізге де өзіміздің "Зар қабырғамызды" орнату шарт. Әр-бір қазаққа арналған бір тас орнату сол кездегі белгісіз, қабірсіз қалған қандастарымызға қошемет, құрмет болуы анық.

Бұл ешбір мемлекетке немесе идеологияға қарсы шара болмайды.Қаза болған ата-бабамызға бас ию, ұлтымыздың болашағы үшін жасалатын өзімізге сабақ!

Ерлан Саировтың фейсбуктегі жазбасынан