14 қаң, 2020 сағат 11:49

Қазақстанның үш өңірінде күн бұзылады

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, тұман түсіп, солтүстік-батыстан жел соғады, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

15 қаңтарда Ақмола облысында қар жауады. Кей жерлерде боран соғып, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде жел қарқыны - 15-20 м/с.

15 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын көтеріледі, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Осы күні Петропавл қаласында бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, күндіз жел екпіні - 15-20 м/с.