02 там, 2017 сағат 12:53

Қазақстанның телекоммуникация желілерін басқаратын қызмет ҰҚК-ге берілді

Байланыс және телерадио хабар таратудағы ақпараттандыру, электронды құжаттандыру және электронды сандық қол қою саласының техникалық қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

Үкіметтің бұл қаулысы нормативтік-құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қарасты болған "Мемлекеттік техникалық қызметі" шаруашылық жүргізу құқықығы да ҰҚК-ге берілді. Енді ҰҚК бұл сала бойынша жетекшілік ететін өкілетті орган болып отыр. 

Бұл қызметтің миссиясы - Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігі және инфрақұрылымдық байланыс қауіпсіздігін қамтамассыз ету, дамыту мен қалыптастыруға септесу.