15 қаң, 2019 сағат 14:36

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2018 жылдың 11 айында 20,5 пайызға өскен

2018 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымының көлемі 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,5 %-ға артып, 84 млрд 344,6 млн долларды құрады, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

Есепті кезеңде экспорт көлемі 54 млрд 673,5 млн долларды (өткен жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғандағы өсім - 26,4%), импорт көлемі 29 млрд 671,7 млн долларды (+11,1%) құрады.