11 мам, 2018 сағат 10:01

Қазақстанның сыртқы қарызы 14 триллион теңгеден асып жығылды

Қазақстанның 2018 жылдың наурызындағы мемлекеттік қарызының жиынтығы - 14,8 триллион теңге, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Finprom.kz порталына сілтеме жасап. 

Мемлекеттік қарыз 20,9 пайызға (12,3 триллион теңге болатын) өскен. Елдің мемлекеттік қарызының жиынтығы - мемлекеттік қарыз - 14,3 триллион теңге (бір жылда 20,1 пайызға артқан), кепілдендірілген мемлекеттік қарыз - 428,5 миллиард теңге (59,4 пайызға өскен) және мемлекет кепілдігімен алынған қарыз - 37,8 миллиард теңге.

Сонымен қатар, мемлекеттік қарыздың өсуіне негізгі себеп - ҚР үкіметінің ішкі қарызы (салыстырмалы үлесі - 39,5 пайыз). Бір жылда ол 30,9 пайызға өскен - 4,4-тен 5,7 триллион теңгеге дейін. Ал сыртқы қарыз айтарлықтай өзгермеген - 0,1 пайыз немесе 5 миллиард теңге. Соңғы бес жылда мемлекеттік қарыз 3,7 есе (10,8 триллион теңге) артқан - 4-тен 14,8 триллион теңгеге дейін.