24 сәу, 2017 сағат 07:56

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қатарға сапар шекті

2017 жылдың 23 сәуірінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxмановтың Қатар мемлекетіне барды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысын Доxада шейх Тамим бен Хамад Аль-Тани қабылдады.

Сұxбат барысында Қайрат Әбдіраxманов Ислам әлемі мен оның сыртында ғылым мен теxнологиялар саласын дамытудағы Қатардың үлесін айта келе, Қазақстанның елордасында 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымының Ғылым және теxнологиялар жөніндегі саммитіне Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруын эмирге жеткізді.

Осы орайда "жасыл экономика" теxнологияларын дамыту саласында Қатардың жинаған оң тәжірибесін ескере отырып, Халықаралық мамандандырылған "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатарлық тараптың қатысуға дайындығы жөнінде сөз қозғалды.

Тараптар қазақстандық-қатарлық қатынастардың жағдайы мен перспективаларын талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша оң динамика байқалуда екенін атап өтті.


Сұxбаттасушылар xалықаралық күн тәртібінің өзекті тақырыптарын, соның ішінде Сириядағы жағдайды, Астана процесінің даму барысы мен оның қатысушылар құрамын оған араб елдерін, атап айтқанда Қатарды тарту арқылы кеңейту мүмкіндіктерін қызығушылықпен талқылады. Министр эмирді Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі 2017-2018 жылдарғы мүшелігінің негізгі басымдықтарымен таныстырды.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы өзінің қатарлық әріптесі Мұхаммед бен Абдрахман Аль-Танимен келіссөздер жүргізу барысында эмирдің Астанаға 2014 жылғы қаңтарда сапары және Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы қазандағы Дохаға сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің көпшілігі іске асырылып, екіжақты ынтымақтастықта елеулі белсенділік байқалатынын атап өтті.

Сұхбаттасушылар терроризмге қарсы күрес және экстремистік идеологияларды таратуға қарсы күресте халықаралық күш-жігерді үйлестіруді талқылап, осыған орай сындарлы өркениетаралық диалогтың мағынасын атады. Қайрат Әбдірахманов қатарлық тарапқа Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін Астанада өткізуде белсенді қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Тараптар барлық, оның ішінде сауда және көліктік-логистикалық бағыттар бойынша өзара әрекеттерді әрі қарай арттыруға екіжақты бірдей мақсаттарын білдірді.


Экономикалық дипломатия бағыты бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомстволары қаржы және инвестициялық салалардағы байланыстарын табысты дамытуда, сондай-ақ биыл Қазақстан-Қатар комиссиясының жоғары деңгейдегі 5-ші кезекті отырысы мен Астанада 1-ші Қазақстан-Қатар бизнес-форумын өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізуде. Қатардың Орталық банкі мен Астанадағы Халықаралық қаржы орталығы арасындағы, оның ішінде исламдық қаржыландыру құралдарын Қазақстанға ендіру бойынша ынтымақтастық серпінді даму үстінде. Қатар тарабы Қазақстан экономикасында мемлекеттік активтерді жекешелендіру бағдарламасына қызығушылығын білдірді.

Қатар Мемлекеті Қазақстанға Астана қаласы құрылысында, атап айтқанда «Нұр Астана» Ислам мәдени орталығын тұрғызу кезеңінде маңызды қолдау көрсеткенін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта Қатар тарабының қаржысына Қазақстан елордасының орта мектебі салынуда, сонымен қатар әлеуметтік салада бірқатар жобаларды жүзеге асыру дайындық жұмыстары іске асырылуда.

Сонымен бірге, Қатар араб елдерінің ішінде алғашқы болып Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесіне және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына енді.