05 қар, 2018 сағат 09:44

Қазақстанның селикон алқабын жасау қажет - Джазеф Циглер

Қазақстанның селикон алқабын жасау қажет. Бұл туралы бүгін «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Астана хаб қызметкері Джозеф Циглер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бұл жерде эко жүйені дамытып, таланатты жастармен жұмыс істейтін боламыз. Astana Hub-та жұмыс істеуге ұсыныс жасағаны үшін қуаныштымын. Бұл жерде көптеген таланатты адам жиналатын болады. Олар бұл жүйені бірлесе отырып, дамытады. Барлығы да америкалық селикон алқабын көшіруге тырысады. Бұл - дұрыс әдіс емес. Қазақстанның өзіндік селикон алқабын құру қажет. Өйткені, америкалық селикон алқабы ертеректе құрылған және оның да өз кемшіліктері бар», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Astana Hub стартап жобаларды қалай құру керектігін, инвестиция қалай салу керектігін үйрететін болады.

«Инженер ретінде технологияларға сенімім мол және таяу уақытта Қазақстанда өзінің технологиясын құратын болады. Жалпы, өзім де өмірде табысты жүзеге асырылған көптеген стартап жасаған едім», - деді Джозеф Циглер.

Айта кетейік, форумының ашылуында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстан Азия мен Еуропа технологиялық орталықтарының арасында алтын көпірге айналатындығын айтты.

Digital Bridge - Қазақстандағы биылғы жылы өтіп отырған басты инновациялық оқиға

Қатысушылар форумның диалогтік алаңында цифрландыру саласындағы соңғы әлемдік трендтерді талқылап, алдыңғы қатарлы тәжірибелермен және бизнес-модельдермен бөліседі. Форумға халықаралық ІТ-қоғамдастығының негізгі өкілдері, технология саласындағы танылған сарапшылар, кәсіпорын басшылары, технологиялық кәсіпкерлер, сондай-ақ бірқатар елдің мемлекеттік секторларының өкілдері, ғалымдар, цифрлық әзірлемелер саласының мамандары, венчурлық инвесторлар қатысуда.

Форум аясында «Цифрлық экономика дамуының жаһандық тренді жөнінде диалогы» атты пленарлық сессиясы өтеді. Сонымен қатар сессия жұмысына ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, Ресей Федерациясының цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрі Константин Носков қатысады деп күтілуде.