18 нау, 2019 сағат 11:18

Қазақстанның Сауд Арабиясы мен Тәжікстандағы елшілері ауысты

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстанның Сауд Арабиясы мен Тәжікстан Республикасына жаңа елшілер тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Берік Сақбайұлы Арын Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметіне тағайындалды.

Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.