09 шіл, 2019 сағат 22:20

Қазақстанның халықаралық резерві ұлғайды

ҚР Ұлттық банкінің алдын ала мәліметі бойынша, Қазақстанның халықаралық резервінің көлемі 2019 жылдың маусым айында 86,362 млрд АҚШ долларын құраған. Бұл көрсеткіш мамыр айымен салыстырғанда 0,39%-ке, 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,87%-ке азайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстанның жалпы халықаралық резервінің көлемі маусым айында 0,48%-ке өсіп (өткен жылдың басынан бері 8,87% азайған), 28,185 млрд долларды құраған, соның ішінде таза халықаралық резерв 0,47%-ке өсіп (-9,01%), 27,697 млрд доллар болған.

ҚР Ұлттық қоры активтерінің көлемі 0,81%-ке (+0,33%) азайып, 58,177 млрд долларды құрады. Еркін конвертацияланатын валютадағы активтердің көлемі 11,131 млрд долларды құрады, бұл көрсеткіш өткен айда 11,63%-ке (2018 жылдың желтоқсанынан - 32,68%-ке) төмендеген. Алтын валюталардың көлемі 10,35%-ке (+18,5%) өсіп, 17,054 млрд долларды құрады.