08 там, 2018 сағат 09:58

Қазақстанның халықаралық резерві 87,6 млрд доллардан асты

Қазақстанның халықаралық резервінің көлемі 2018 жылғы шілде айында маусыммен салыстырғанда 0,61%, 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,58% төмендеп, 87,668 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Ұлттық банкінің берген мәліметіне қарағанда, Қазақстанның жалпы халықаралық резервінің көлемі шілде айында 2,62% өсіп (жыл басынан бері 0,46% өскен), 30,886 млрд долларды құраған, соның ішінде таза халықаралық резерв 2,67% өсіп (+0,51%), 30,388 млрд доллар болған.

ҚР Ұлттық қоры активтерінің көлемі 2,29% (-2,66%) төмендеп, 56,782 млрд долларды құрады. Еркін конвертацияланатын валютадағы активтердің көлемі 18,09 млрд долларды құрады, бұл көрсеткіш өткен айда 5,41% (ал өткен жылдың желтоқсанынан бері 0,86% азайған) өскен. Алтын валюталардың көлемі 1,07% (+2,39%) қысқарып, 12,796 млрд долларды құрады.