#
#
Жұма 18/10/2019

Қазақстанның қай өңірлерінде жалақы жоғары?

  • 01.10.2019
  • 0
  • 786

HeadHunter интернет-сервисі Қазақстанның қай қалалары ең көп жалақы төлейтінін және қазіргі таңдағы аса сұранысқа ие мамандықтарды атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Осы жылдың қаңтар-қыркүйегі аралығындағы мәліметтерге жасалған талдаудың нәтижесі бойынша, бос жұмыс орындарын ұсынатын белсенді өңірлердің қатарына Алматы (43,29%), Нұр-Сұлтан (20,37%), Қарағанды (5,98%), Атырау (5,66%) және Шымкент (4,07%) қалалары енді.

Жұмыс берушілер келесідей салаларда вакансияларды жиі орналастырады: сауда-саттық (25,16%), бухгалтерия, басқарушылық есеп-қисап, кәсіпорындардың қаржысы (11,60%), әкімшілік персонал, банктер, инвестициялар, лизинг (9,15%), ақпараттық технологиялар, ғаламтор, телеком (9,04%).

HeadHunter индексіне сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Петропавл, Павлодар, Өскемен, Қостанай, Қарағанды қалаларында бір бос жұмыс орнына 4 үміткерден келеді. Бұл, еңбек нарығының қалыпты жағдайын көрсетеді.

Орал, Талдықорған, Шымкент, Түркістан, Көкшетау қалаларында бір вакансияға 4-6 түйіндеме жіберіледі. Бұл, еңбек нарығы жағдайының күрделілігін білдіреді. Ал Ақтөбе, Ақтау, Тараз және Қызылорда қалаларында жұмыс іздеушілер арасында бәсекелестік деңгейі жоғары.

Сондай-ақ интернет-сервис айлық еңбекақы бойынша мәліметтерді ұсынды.

Қазақстан батысындағы қалалар жалақы мөлшері жағынан алдыңғы қатарда тұр. 2 млн теңге көлеміндегі жоғары жалақыны Атыраудың жұмыс берушілері ұсынады. Сондай-ақ, қомақты еңбекақы төлейтін қалалардың қатарында Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Нұр-Сұлтан бар.

Ал Тараз, Түркістан, Шымкент шаһарлары кестенің ең соңғы орнында орналасқан. Мұндағы ең жоғары жалақы мөлшері 500-540 мың теңгені құрайды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар