15 мам, 2019 сағат 14:26

Қазақстанның ЕАЭО-ға экспорты қысқарды

2019 жылғы қаңтар-сәуірде еліміздің Еуразиялық экономикалық одақ елдермен өзара сауда көлемі 0,3 пайызға кеміді. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитеті мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2019 жылғы қаңтар-наурыздағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4 446,8 млн АҚШ долларын құрап, 2018 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда, 0,3 пайызға кеміді. Оның ішінде экспорт - 1 344,5 млн АҚШ доллары (4,8 пайызға азайды), импорт - 3 102,3 млн АҚШ доллары (1,7 пайызға өсті)», - делінген комитет мәліметінде.

Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына - 92,8, Қырғызстан Республикасына - 4, Беларусь Республикасына - 3,1, Армения Республикасына 0,1 пайыз тиесілі.