#
#
Сенбі 14/12/2019

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 19.11.2019
  • 0
  • 424

19-21 қараша аралығында Қазақстанның бірқатар облысында күн суытып, аяз болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

19-21 қараша аралығында Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райы 20-25 градустан 25-30 градусқа дейін, Ақмола мен Павлодар облысында 15-20 градустан 25-30 градусқа дейін төмендеп, аяз болады. 20-21 қарашада Қарағанды облысында 22-27, кей жерлерде 25-33, Шығыс Қазақстан облысында 18-23, кей жерлерде 33 градус аяз болуы ықтимал.

Дауылдың ықтималдығы - 95%.

19 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында қар жауып, боран соғуда. Солтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 15-18 м/с-ке жетеді.

ІІМ ТЖК күштері мен құралдары апаттық-құтқару жұмыстарына әзір тұр. Ведомство азаматтардың ауа райын, метеорологиялық жағдайларды қарап, SMS хабарламаларға құлақ түруіне кеңес береді. Ауа райы бұзылып, жол қозғалысы шектелген уақытта алыс жолға шықпаған жөн.

Егер сіз боран немесе қатты аяз кезінде жолға шығып, елді мекеннен алыс жерде машинаңыз сөніп қалса, көлікте отырып «112» нөмірінен көмек сұраңыз.

Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы қолайсыз кезде алыс жерге жаяу бармауға кеңес береді.

«112» – еліміздің барлық өңірлерінде ұстайтын бірыңғай құтқару қызметінің нөмірі. Оған хабарласу үшін CIM карта мен нөмірдегі бірлік қажет емес.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар