01 шіл, 2019 сағат 07:52

Қазақстанның бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

1 шілде күні Атырау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Жел күндіз солтүстіктен, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

1 шілде күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде оның жылдамдығы 15-20 м/с айналасында болады.

Ақтауда 1 шілдеде найзағай жарқылдайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде оның жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

1 шілде күні Түркістан облысында күндіз кей жерлерде аптап ыстық 43 градустан асып түседі.

Шымкентте 1 шілдеде ауа температурасы 41 градусқа жетеді.

Түркістанда 1 шілде күні ауа температурасы 41-43 градус аяналасында болады.