#
#
Cәрсенбі 19/06/2019

Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, жауын жауады

  • 17.05.2019
  • 0
  • 250

Мамырдың 17-сі күні Қазақстан аумағынан атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын жауады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Кәсіпорын мәліметтеріне қарағанда, елдің отүстік шығысына, орталықта және шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Дегенмен республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, найзағай жарқырап, тұман түсуі, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстіктің кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріліп, солтүстікте - дауыл соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Түнде республиканың кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында жел күшейеді, басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысының аймақтарында шаңды дауыл көтеріледі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 23-28 м/с болады. Бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с-ке дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Атырау облысының бірқатар аумақтарында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Алматы, Түркістан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.  

Маңғыстау, түнде Павлодар, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.     

Павлодар, Қарағанда, Шығыс Қазақстан облыстарында  1-8 градус аралығында үсік жүреді.

Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде үсік -3 градусқа дейін сақталады.

Қызылорда облысында өрт қауіпі өте жоғары деңгейде болады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар