04 мау, 2020 сағат 08:55

Қазақстанның барлық өңірінде Абай мектеп-интернаттары ашылады

Қазақстанның 10 өңірінде гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын Абай атындағы мектеп-интернаттары ашылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халық алдында есеп беру барысында айтты. 

«Абайдың 175 жылдығы аясында гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын Абай атындағы мектеп-интернаттары желісін құру жұмыстары басталып кетті. Бұл мектептер 10 өңірде ашылды, енді жыл соңына дейін қалған 7 өңірде ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасады», - деді министр Фейсбук желісіндегі онлайн есеп беруде.