22 там, 2016 сағат 10:40

Қазақстанның әнұраны алғаш рет Хан Тәңірі шыңында ойналды

"Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, 2016 жылдың 16 шілде-12 тамыз аралығында Солтүстік Инелшік мұздығынан Қазақстанның ең биік нүктесі - Хан Тәңірі шыңына альпинистер экспедициясы өтті", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Экспедицияның алғашқы кезеңдерінде ауа райы бұзылып, қар жауды. Тек 10 тамыз күні шыңға шығып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтерілді, тарихта тұңғыш рет Мемлекеттік әнұран ойналды.

Соны идеяны және Қазақстанның ұлттық символдарын дәріптеу үшін альпинизмде заманауи технологияларды қолдану бастамасын Dicosta Technologies LTD компаниясының президенті, запастағы офицер, спортшы-тау шаңғышысы, альпинист Александр Серазетдинов көтерді.

Акустикалық, сымсыз технологияларды пайдалану патриотизмді, салауатты өмір салтын, ұрпақтар сабақтастығын насихаттауға, биік шың басынан жұртшылыққа үндеу тастауға көмектеседі, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Шыңға шығуға В. Пивцов, А. Софрыгин, Т. Әубәкіров, А. Субачев, К. Зенков, М. Павлов, А. Серазетдинов секілді танымал, жас қазақстандық альпинистер атсалысты.

2014-2015 жылдары Тянь-Шань, Альпі, Кавказ және Памир тауларында: Мәншүк Мәметова шыңы, Мәрмәр қабырға төбесі, Монблан, Эльбрус және Ленин шыңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны ойналған еді.

Хан Тәңірі - Қазақстан, Қырғызстан және Қытай шекарасында орналасқан Тянь-Шань тауының пирамидалы шыңы, биіктігі - 7010 метр (мұздықпен), мұз қалыңдығын есептемегенде - 6995 метр.

 null

 null