31 нау, 2020 сағат 06:42

Қазақстанның 6 өңірінде 17 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 31 наурызда таңертеңгі сағат 9.40-та 17 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтанда - 2, Алматыда - 9, Қызылорда облысында - 3, Атырау облысында - 1, Ақтөбе облысында -1 , Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адамға вирус жұққаны анықталған. Науқастардың жалпы саны 325 адам болды. 

Барлығы 22 адам (Нұр-Сұлтан - 15, Алматы - 7) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

Вирус жұқтырған 325 адам мына қалаларда:

  • Нұр-Сұлтанда - 175 адам
  • Алматыда - 82 адам
  • Қарағандыда - 13 адам
  • Атырау облысында - 13 адам
  • Ақмола облысында - 10 адам
  • Алматы облысында - 6 адам
  • Қызылорда облысында - 8 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Шымкентте - 2 адам
  • Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Ақтөбе облысында - 3 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. Қазір коронавирустың таралуын тоқтату үшін Қазақстанның басым бөлігінде жұрттың сыртқа шығуына шектеу қойылған.