01 сәу, 2020 сағат 08:22

Қазақстанның 4 өңірінде тағы 15 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанның 4 өңірінде тағы 15 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 

1 сәуір, сағат 11:15-тегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан тағы 6 адам, Алматы қаласынан - 2 адам, Қарағанды облысынан 1 адам, Ақмола облысынан 6 адам коронавирус жұқтырды. Осылайша, еліміз бойынша жаңа вирусты жұқтырғандар саны саны 363 адамды құрады. 

Оның ішінде: 

Нұр-Сұлтан қаласы – 184
Алматы қаласы – 84
Шымкент қаласы – 3
Ақмола облысы – 16
Ақтөбе облысы – 3
Алматы облысы – 8
Атырау облысы – 16
Шығыс Қазақстан облысы – 2
Жамбыл облысы – 3
Батыс Қазақстан облысы – 2
Қарағанды облысы – 14
Қызылорда облысы – 18
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысы – 1
Солтүстік Қазақстан облысы – 3
Түркістан облысы – 5