30 қаз, 2017 сағат 07:19

"Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы" 10 қараша күні анықталады

29 қазан күні Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығында El.kz интернет-жобасының редакциясы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында бастама еткен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының ақтық кезеңінің қатысушылары үшін дауыс жинау бойынша офлайн-акция өткізді.  

Күні бойы журналистер СОО қонақтарына жоба қатысушылары мен дауыс беру ережелері туралы айтты. Əр адам лайықты деп тапқан кандидатқа дауыс берудің жылжымалы пунктінде қолдау білдіре алады. Осылайша «Қазақстанның 100 жаңа есімі жобасына бүгін 150 астам адам өз дауысын беріп, кандидаттарды қолдады. 

«Біздің редакциямыз мұндай шараларды жиі өткізеді. Естеріңізде болса, осы жобаның бірінші кезеңінде 30 тамыз күні Астананың төрінде Бəйтерек монументінің жанында жобаға  өтінішті офлайн қабылдауды өткізген болатынбыз. Акция тамаша нəтиже берген соң келесі кезеңде де осындай шараларлы өткізуді жөн көрдік. Осы арқылы біз жоба туралы кеңінен ақпарат беріп, дауыс беруге қоғамды барынша белсендіруді көздейміз. Бізді халықтың жоба туралы хабардар болуы, дауыс беруге белсенді түрде қатысуы қуантты. Алайда жоба туралы емтімеген, кандидаттарды білмейтін адамдар да баршылық екен. Сондықтан да осы шара əлі де жалғасын табады», - деді El kz порталының жауапты редакторы Олег Рябченко.

Осы жылы 18 қазанда www.100esim.el.kz сайтында жобаға қатысушы финалистерге дауыс беру басталғанын естеріңізге саламыз. Барлық үміткерлер қызмет саласына қарай 6 категорияға орналастырылды. Олар: ғылым, спорт, медицина, қоғам, бизнес және мәдениет. Қазір финалистерге берілген дауыс саны 31 мың. Онлайн дауыс беру 10 қарашада аяқталады: Дауыс берудің нәтижесі “Қазақстанның 100 жаңа тұлғасын” анықтайды.