06 қар, 2019 сағат 16:39

Қазақстанға Ресейден 400 литр заңсыз алкоголь әкелген азамат ұсталды

Қазақстанға Ресейден 400 литр заңсыз алкоголь әкелінген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының «Жаңа жол» автомобиль өткізу бекетінде СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Volvo маркалы автомашинасымен Ресей Федерациясынан Қазақстан аумағына 4 литрлік пластик ыдыстарға құйылған 400 литр алкоголь өнімін кіргізу фактісін анықтады.

Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 282-бабы 3-тармағы бойынша хаттама жасалды. Тәркіленген алкоголь өнімдері сот шешіміне дейін қоймаға орналастырылды.

Жалпы, 2019 жылдың 10 айында «Жаңа жол», «Қызылжар», «Бидайық», «Қарақоға» автомобиль өткізу бекеттерінде Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік кірістер департаменті тыйым салынған тауарларды әкету фактілерінің жолын кесті.

- қара және түсті металл сынықтары бойынша 390,7 тонна мөлшерінде 52 факті;

- макулатура бойынша 19,9 мың тонна мөлшерінде 1 факті;

- ІҚМ терісі бойынша 21,0 мың тонна мөлшерінде 1 факті;

- мұнай өнімдері бойынша 3,7 мың литр көлемінде 10 факті.

Бұдан басқа, экспорттық бақылау басқармасы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден импортталған тауарлардың құны бойынша мәлімделген бағаларды төмендету бойынша жұмыс жүргізуде. 1 қарашадағы жағдай бойынша жүргізілген әңгіменің нәтижесінде 6,6 млн теңге сомасына 14 салық төлеуші түзету жасап, қосымша есеп ұсынды.

Жанама салықтарды уақтылы төлемегені үшін әкімшілік шаралар қолданылды және бюджетке 15 млн теңге өндіріп алынды.