26 қар, 2018 сағат 14:00

Қазақстанға күзгі жылу қайта оралады - синоптиктер

Синоптиктер алдағы 27-29 қарашаға ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Қыс жақындап келеді, бірақ Қазақстанда өткінші суықтан кейін күзгі жылы ауа райы оралады. Алдағы үш тәулікте ауа температурасы жоғарылайды, бірақ көптеген облыста күн бұлттанып, жауын-шашын жауады. Республиканың солтүстік жартысында бұрқасын соғып, батыстан екпінді жел соғады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда күндізгі температура +5...15 градусқа дейін, республиканың солтүстігінде, орталығы мен шығысында 0...+5 градусқа дейін көтеріледі», - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Тек, батыс өңірлерде ауа температурасы +2...13 градустан 0...8 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.