20 қар, 2017 сағат 09:45

Қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалады?

Жаңажылдық мерекелерде қазақстандықтар қатарынан төрт күн -  2017 жылдың 30, 31 желтоқсаны мен 2018 жылдың 1, 2 қаңтары демалады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпаратkaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап 

30 мен 31 желтоқсан - сенбі мен жексенбіге түседі, ал 1 мен 2 қаңтар - дүйсенбі және сейсенбі болады. Осылайша, мереке күндері демалыс күндеріне келеді. Мереке және демалыс күндері жылжытылмайды. 

Мұның алдында қазақстандықтар желтоқсанда 13 күн демалатыны хабарланған болатын. Оның үстіне тағы үш мереке күні бар. 

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні. Ол күн жұмаға түседі, сондықтан көпшілік үш күн қатарынан демалады. 

16 және 17 желтоқсан Қазақстанда - Тәуелсіздік күні. Биыл бұл күндер сенбі мен жексенбіге түсіп тұр. Осыған байланысты демалыс күндері 18 және 19 желтоқсанға ауыстырылады. Яғни, қазақстандықтар 16, 17, 18 және 19 желтоқсан күндері демалады.