10 қаз, 2019 сағат 05:16

Қазақстандықтар қыркүйек айының үздік спортшысын таңдады

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтында «Қыркүйек айының ең үздік спортшысына» дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қыркүйек айының үздігі атануға 6 спортшы үміткер болды. Олар: Бекзад Нұрдәулетов (бокс), Қамшыбек Қоңқабаев (бокс), Нұрқожа Қайпанов (еркін күрес), Дәулет Ниязбеков (еркін күрес), Игорь Сон (ауыр атлетика) және Хорлан Жақанша (грек-рим күресі).

Оlympic.kz сайтында 1 қыркүйек күні басталған дауыс беру 9 қазанда аяқталды. Нәтижесінде, 43,07 пайызбен Бекзат Нұрдәулетов топ жарды. 23,34 пайызбен Хорлан Жақанша екінші орынға жайғасса, 22,08 дауыс жинаған Нұрқожа Қайпанов үшінші орынға ие болды.