31 шіл, 2018 сағат 16:25

Қазақстандықтар «әдемі» нөмірлер үшін қанша ақша жұмсаған?

Биыл қазақстандықтар «әдемі нөмірлер» үшін 2 млрд теңге жұмсаған. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілі Мұрат Жұманбай мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандандырылған ХҚКО жарты жылда жалпы сомасы 1 913 267 539 теңгеге 7775 мемлекеттік тіркеу нөмір белгісін берген. Бұл сома 2017 жылғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда үш есе көп болып отыр. Былтыр алты айда Қазақстан азаматтары 1574 «әдемі» нөмірге 587 406 055 теңге төлеген.

Мұрат Жұманбайдың айтуынша, мұндай нөмір белгілері көбінесе Астана (1762) және Алматы (3232) қалаларында, сондай-ақ Түркістан (580), Жамбыл (457) және Қостанай (376) облыстарында берілген.