#
#
Сейсенбі 25/02/2020

Қазақстандық студенттердің стипендиясы көбейді

  • 22.01.2020
  • 0
  • 378

Қазақстанның жоғары оқу орындарында 25% арттырылған стипендия беріле бастады, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

«ҚР Президенті Қ. Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанатында 2020 жылдың қаңтарынан бастап жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің стипендиясы 25% көтерілетінін мәлімдеді. ҚР Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша шаралар қабылдады. Бүгінде еліміздің 30-дан астам жоғары оқу орны студенттердің стипендиясын 25% жоғарылатты. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан колледж студенттеріне стипендия төлене бастады. Осылайша, 179 мың ЖОО студенті мен 136 мың колледж студенті стипендиясының көлемі артады», - деді ҚР БҒМ-нің баспасөз қызметінен.

Айта кеткен жөн, бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге дейін, интернатура –37 945 теңгеден 47 431 теңгеге дейін, магистратура – 53530 теңгеден 66 913 теңгеге дейін, докторантура – 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге дейін өсті. Колледж студенттерінің стипендиясы 16 759 теңгеден 20 948 теңгеге артты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар