27 нау, 2020 сағат 10:30

Қазақстандық студенттер коронавируспен күресте көмек көрсетуде

Елордалық медицина қызметкерлері, жұқпалы аурулар кафедрасының оқытушылары және Астана медицина университетінің студенттері коронавирустық инфекциямен күресуде күш біріктірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Резиденттер ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан әкімдігінің көпсалалы медициналық орталығында ұйымдастырылған оқшаулау бөлімінде жұмыс істеп жатыр. Олар тәулік бойы COVID-19 диагнозын жұқтырып алған болуы мүмкін тұрғындарды қабылдап, оларға жаңа вирус туралы түсіндіруде. 

«Жұқпалы аурулар кафедрасының резиденттері 1406 нөмірі арқылы байланысуға болатын call-орталығы жұмысына да тартылған. 6 және 7 курста оқитын резиденттер мен интерндер Нұр-Сұлтан қаласындағы копсалалы медициналық орталықта науқастарға кеңес беру, эпидемияға қарсы шараларды ұйымдстыру сияқты жұмыстар атқаруда», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Цифрландыру кеңсесінің баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, елордадағы медициналық жоғары оқу орнында оқитын 30 студент карантиндік стационар болып жабдықталған Ramada Plaza қонақ үйінде корнавирустың таралуын тоқтату бойынша жұмыс жүргізуге ниет білдіргн.

«Жалпы алғанда 31 мамандық бойынша 500 резидент және Қазақстан аймақтарындағы 50 резидент қазіргі уақытта медициналық қызметшілермен бірге вирустың таралу қаупін тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.