24 ақп, 2020 сағат 10:14

Қазақстандық мергендер Qatar Open турнирінен күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық мергендер Дохада (Катар) өтіп жатқан стенд атудан халықаралық Qatar Open in Shutgan турнирінен күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағандай, аталған жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары Анастасия Молчанова мен Александр Ещенко «Cкит» жаттығуы бойынша күміс жүлдеге қол жеткізді.

Бұл сында бас жүлдені Францсика Кроветто (Чили) мен Николас Пачеко (Перу) жұбы жеңіп алды. Әзербайжандық Эмин мен Нұрлан Джафаровтар қоланы қанағат тұтты.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай қазақстандық Эдуард Ещенко аталған халықаралық турнирден скит бағдарламасы бойынша алтын медаль жеңіп алған болатын.