04 сәу, 2017 сағат 18:20

Қазақстандық Максим Арышев Санкт-Петербургте болған терактіден қаза тапты

ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Санкт-Петербург қаласында болған террористік акті кезінде қазақстандық Максим Арышевтың қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

РФ Тергеу комитетінің мәліметіне сәйкес, бұған дейін із-түзсіз жоғалды деген Максим Арышев сәуірдің 3-і күні Санкт-Петербордағы террористік акті кезінде қайтыс болды. Қаланың Екатерина ауруханасындағы мәйіттің Қазақстан азаматы Максим Арышевтікі екенін оның ата-анасы да растап отыр.

«ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Санкт-Петербургтегі қазақстандық дипломаттар Максим Арышевтің туған-туыстарына көмек көрсетіп, оның мәйітін елге жеткізу бойынша іс-шараларға да жәрдемдесетін болады. Министрлік өз тарапынан Максимнің барлық туыстарына, сондай-ақ осы терактіде құрбан болғандардың жақындарына қайғырып, көңіл айтады»,- делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Айта кетейік, отырыс барысында Нұрғали Білісбеков комитет басшысының орынбасары Санкт-Петербург қаласындағы терактіге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жүрген ақпаратқа да түсініктеме берді.

Осы оқиғаға байланысты Қазақстанда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. 

Жалпы, өткен жылы еліміздің арнайы орган қызметкерлері 12 лаңкестік акцияның жолын кесті.

Сондай-ақ Ресей жерінде үш терактінің алдын алуға көмектесті.