05 шіл, 2019 сағат 09:13

Қазақстандық компания стадион атауы үшін Түркия чемпионына жылына 12 млн доллар төлеуге дайын

Түркиялық "Галатасарай" қазақстандық компаниямен клуб стадионының атауына құқық беру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, деп xабарлайды Sports.kz.

Webaslan.com басылымы xабарлағандай, осы маусымда стадионның 2009 жылдан бері аталып келген «Түрік Телеком Арена» атауы бойынша келісімшарт аяқталды. Осыдан кейін жаңа демеушілер іздестіру жұмыстары басталды. БАҚ ақпараты бойынша, біраз уақыттан бері қазақстандық компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Келісім 3 маусымға жоспарланып отыр, әрі қарай 2 маусымға да созылуы мүмкін. Отандық компания жыл сайын ыстанбұлдық клубқа 12 млн доллар төлеуге дайын.

Еске салайық, өткен сезонда "Галатасарай" Түркия чемпионы атанған болатын.