10 жел, 2019 сағат 13:12

Қазақстандық кішкентай теннисші Испанияда өткен турнирде топ жарды

Елордалық Томирис Нұржан Испанияда өткен жасөспірімдер арасындағы турнирде топ жарды, – деп хабарлайды көліктегі полиция департаменті.

2-8 желтоқсан аралығында Испанияның Манакор қаласында Рафаэль Надальдың Rafa Nadal Academy теннис академиясында жасөспірімдер арасында жыл сайынғы Ten-Pro Global Junior Tour турнирі өтті. Турнирге 51 елден 275 жасөспірім қатысты.

10 жасқа дейінгі санатта бірінші орынды Нұр-Сұлтан қаласының теннисшісі Томирис Нұржан иеленді. Ол - қазіргі уақытта осы санаттағы Қазақстанның бірінші ракеткасы.

Финалда екі қазақстандық кездесті. 6:4, 3:6, 6:3 есебімен ойын Томиристің пайдасына шешіліп, жеңіске жетті. Біздің республикамыздың намысын қорғауға Қазақстанның әр қаласынан 12 бала барды.

Турнирдің ақтық кезеңіне шығу үшін отандасымыз Мальта, Бельгия, Македония және Швейцария елдерінен келген балаларды жеңіп шықты.