23 қаз, 2019 сағат 15:01

Қазақстандық Dubai лотереясынан млн доллар ұтып алды

Қазақстан азаматы Хуссаин Еремешев 22 қазан күні Dubai Duty Free (DDF) лотереясында миллион доллар жеңіп алды, деп хабарлайды GulfNews.

Еремешев ұтыс лотерея билетін онлайн режимде сатып алған. Лотерея ұйымдастырушылары жеңімпазға қоңырау шалғандарымен, ол көтермеген, деп жазады агенттік.

Еремешев – DDF лотереясында миллион доллар ұтып алған екінші қазақстандық азамат.