21 қар, 2020 сағат 09:30

Қазақстандық боксшы қарсыласын 43 секундта нокаутқа жіберді (Видео)

«Панда» лақап атымен танылған Қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов кезекті жеңісіне жетті, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Серік Мұсаділов Хайалиа қаласында (АҚШ, Флорида штаты) өткен бокс кешінде рингке шықты. Алты раундтық жекпе-жекте ауыр салмақтағы қазақстандықтың боксшыға мексикалық Даниэль Нахера қарсылас болды. Бұл жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын, алайда Мұсаділов 43 секундта нокаутпен жеңіске жетті.