27 там, 2018 сағат 13:18

Қазақстандық бизнесмен туған ауылына 300 мың долларға сыйлық жасады

Қазақстандық бизнесмен туған ауылына сыйлық тарту ету үшін 116 миллион теңге (322 мың доллар) жұмсады.

Түркістан облысында кәсіпкер Отырар ауданы Ақтөбе ауылында спорт кешенін салды. Ғимарат құрылысына 322 мың доллардан астам қаражат кеткен.

Sports.kz порталы жазғандай, кешен әлі қолданысқа берілмепті. Бірақ биыл күзде, қыркүйек айында ашылу салтанаты өтуі тиіс. Бизнесменнің осындай тамаша сыйлығының арқасында екі жүздей бала мен ересек адам футбол, бокс, волейбол және күрес секцияларына қатыса алады. 

Облыс чемпионы, боксшы Талғат Құланбайдың айтуынша, бұрын ауыл тұрғындары мектептің шағын спортзалында шынығуға мәжбүр болатын. Ол жаңа спорт кешенінде бұрынғыдан да қарқынды жаттығып, болашақта олимпиада медаліне қол жеткізетініне сенімді.

sputniknews.kz